Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістанда 53 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр

Тілектес ауылының тұрғыны осыдан 14 күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстарының айтуынша, олар жақын маңдағы сай-сала мен тау-тасты түгел тінтіп шыққан, алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Асан Өтеев отбасымен ажырасқан және соңғы уақытта үйінде жалғыз тұрып келген.

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістанда 53 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр

Тілектес ауылының тұрғыны осыдан 14 күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстарының айтуынша, олар жақын маңдағы сай-сала мен тау-тасты түгел тінтіп шыққан, алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Асан Өтеев отбасымен ажырасқан және соңғы уақытта үйінде жалғыз тұрып келген. Жақындары оның есту қабілетінің аздап нашарлығы бар екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Қазіргі уақытта іздеу шараларына Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тәртіп сақшылары жұмылдырылды.

Ер адамды көргендер бар ма?

Ресми деректерге сүйенсек, тәртіп сақшылары барлық бағыттар бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Егер сіз суреттегі немесе сипаттамадағы азаматты көрген болсаңыз немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу хабарласуыңызды сұрайды.

Кез келген ақпарат Асан Өтеевтің аман-есен табылуына септігін тигізуі мүмкін. Көрген-білгендер болса, мына нөмірге хабарласа алады: 8-776-692-39-39.

Related

Түркістанда 53 жастағы ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр · Todayinfo