Todayinfo.kz
Turkistan cityView all articles

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі басталды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Олимпик Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогінің алғашқы күні өтуде. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Польша, Қытай, Әзербайжан, Моңғолия және Тәжік

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі басталды
Бүгін Түркістан қаласындағы «Олимпик Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогінің алғашқы күні өтуде.
Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Польша, Қытай, Әзербайжан, Моңғолия және Тәжікстан сынды 9 елден келген 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтауда. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келіде белдеспек.
Бұл турнир қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделін арттырып, төл спорт түрімізді әлемге танытуда маңызды қадам болып табылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Сонымен қатар, жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушыларына да арнайы сыйақы беріледі.
Қазақ күресінің мәртебесін көтеретін халықаралық деңгейдегі бұл турнир 26 қарашаға дейін жалғасады.

Related

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі басталды · Todayinfo