Todayinfo.kz
Turkestan RegionView all articles

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың көңіл күйі өте жоғары. Облыс бойынша референдум учаскелерінің саны – 947 (оның іш

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары
Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың көңіл күйі өте жоғары. Облыс бойынша референдум учаскелерінің саны – 947 (оның ішінде жабық учаскелер саны - 26). Қазіргі таңда Түркістан облысының жалпы халық саны 2 млн 154 мың адамды құрайды. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны –                           1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі бойыншаТүркістан облысы 72,3%-ды құрады

Related

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары · Todayinfo