Түркістанда жылу жүйелерінің қысқа дайындығы - қатаң бақылауда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы орталықтандырылған жылу жүйелерімен қамтамасыз етілген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады. ⠀ Осыған дейін, 1-2 мөлтек аудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесінің

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы орталықтандырылған жылу жүйелерімен қамтамасыз етілген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады.
⠀
Осыған дейін, 1-2 мөлтек аудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесінің жай-күйі зерделеніп, ретке келтіру бойынша тапсырма берілген болатын. Сонымен қатар, су, кәріз және жылу желілерін жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.
Бүгінде мөлтек ауданда жылу жүйесіне қосылған 75 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 34 үйдің жылу маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталған. Қалған 41 үйде жаңарту және жүйелерді ретке келтіру шаралары жүргізілуде.
⠀
Бұдан бөлек, 32 көпқабатты үйдің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
⠀
Әзімбек Пазылбекұлы жауапты сала жетекшілеріне 10 тамызға дейін қысқа дайындық жұмыстарын толық, әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Related

Turkistan city
Turkistan hosts qualifying round of "Senat Open" chess cup
Todayinfo редакциясы·

Turkistan city
«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!
Todayinfo редакциясы·

Turkistan city
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

Turkistan city
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·