Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістанның қақ ортасында ерекше мурал пайда болды: бұл реформаның белгісі

Түркістан қаласындағы тұрғын үйдің қабырғасына Конституциялық реформаға арналған мурал салынды. Оның ашылу салтанатында жастар флешмоб өткізді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Түркістанның қақ ортасында ерекше мурал пайда болды: бұл реформаның белгісі

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінің маңында орналасқан тұрғын үйдің қабырғасына Конституциялық реформаны қолдауға арналған жаңа мурал салынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туынды – жай ғана қабырғаға салынған сурет емес, еліміздегі саяси жаңғыру үдерістері мен әділетті қоғам құру жолындағы қадамдардың көркем көрінісі. Муралда Конституциялық реформаның негізгі мақсаттары, халықтың еркі мен бірлігі, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік сияқты идеялар заманауи стильде бейнеленген.

Жаңа нысанның ашылуына орай түркістандық белсенді жастар арнайы флешмоб ұйымдастырды. Олар реформаны қолдайтындарын білдіріп, референдумға арналған әуе шарларын аспанға ұшырды. Бұл рәсім елдің жарқын болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің символы ретінде көпшіліктің есінде қалды.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Related

Түркістанның қақ ортасында ерекше мурал пайда болды: бұл реформаның белгісі · Todayinfo