Түркия Президенті Ердоған Қазақстанның жаңа министрін қабылдады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті талқылады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Анкараға ресми сапармен барып, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Түркия басшысы екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Ол көпсалалы өзара іс-қимылды жан-жақты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті.
Өз кезегінде Ермек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы баяндады.
Тараптар бауырлас екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар, әсіресе түркі интеграциясы аясындағы өзара сенім мен қолдауға негізделген ықпалдастықты жоғары бағалады. Кездесуде жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша екі елдің ұстанымы ұқсас екені айтылды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·