Тұңғышбай Әл-Тарази: "Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып..."
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады. "Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңн

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы жантебірентерлік жазба арнады.
"Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім... Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақыл бол..."
Related

Шоу бизнес
Қазақша сөйлеңдер: Динара Сәтжанмен соттасып жатқан Бағдагүл емшіге судьяға айқайлап, айыппұл алды
Айдар Керім·

Шоу бизнес
«Уақытша..»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуінен бөлек кетті
Айдар Керім·

Шоу бизнес
Әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жығу ісі: Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі сотталды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
Астанада сот басталды: Динара Сәтжан ақтөбелік Бағдагүл емшіні соттататын болды
Айдар Керім·