Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқанова оразада қалай амандасу керегін айтты

Әлеуметтік желіде Мөлдір Мұқанова ораза кезіндегі амандасу әдебі туралы жазбасымен қызу талқылануда. Ол кешігіп келген қонақтардың дастархан басында қол алып, сүйісіп амандасуының орынсыз екенін айтты,деп хабарлайды Todayinfo. «Шақырылған жерге уақытында келу – мәдениеттіліктің б

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқанова оразада қалай амандасу керегін айтты
Әлеуметтік желіде Мөлдір Мұқанова ораза кезіндегі амандасу әдебі туралы жазбасымен қызу талқылануда. Ол кешігіп келген қонақтардың дастархан басында қол алып, сүйісіп амандасуының орынсыз екенін айтты,деп хабарлайды Todayinfo.
«Шақырылған жерге уақытында келу – мәдениеттіліктің белгісі. Ал кешігіп келген қонақ дастархан басында отырғандарды бір тұрғызып, бір отырғызып амандасса, бұл ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан жай ғана ишара жасап, орынға жайғасқан дұрыс», – деп жазды Мұқанова.
Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі оны қолдаса, енді бірі "Оразада хайп іздеді" деп сын айтуда.  

Related

Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқанова оразада қалай амандасу керегін айтты · Todayinfo