Todayinfo.kz
NewsView all articles

Үйлену тойлары қазақтың салтына қарама-қайшы өтіп жүр — этнограф Тәттігүл Қартаева

Ғалымның айтуынша, халқымыз ешқашан қуанышын түнде тойламаған, деп хабарлайды Todayinfo . «Қызды күндіз ұзатқан. Мұның астарында «қызым әрқашан күндей жарқырап жүрсін» деген мән жатыр. Қазақ түнде қыз бермек түгілі мал бермеген. Келінді міндетті түрде күндіз түсірген. Егер түн бо

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Үйлену тойлары қазақтың салтына қарама-қайшы өтіп жүр — этнограф  Тәттігүл Қартаева
Ғалымның айтуынша, халқымыз ешқашан қуанышын түнде тойламаған, деп хабарлайды Todayinfo.
«Қызды күндіз ұзатқан. Мұның астарында «қызым әрқашан күндей жарқырап жүрсін» деген мән жатыр. Қазақ түнде қыз бермек түгілі мал бермеген. Келінді міндетті түрде күндіз түсірген. Егер түн болып қалса, келінді ауылдың шетінде аялдатқан. Аттан түсіріп, демалдырып, таңның атуын күткен. Қазір келінді түнде түсіреміз, беташарды түнде жасаймыз. Ол қазақтың ғұрпында болмаған. Қазір осыған мүлде мән бермей жүрміз», - деді ол Qalamtarih арнасына берген сұхбатында.

Related

Үйлену тойлары қазақтың салтына қарама-қайшы өтіп жүр — этнограф Тәттігүл Қартаева · Todayinfo