Todayinfo.kz
NewsView all articles

Үкімет жаңа жоспарды бекітті: 2026 жылы 547 мың адам жұмысқа орналасады

Еңбек министрлігінің алқа отырысында 2026 жылы жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспары талқыланды. Жаңа міндеттер бекітілді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Үкімет жаңа жоспарды бекітті: 2026 жылы 547 мың адам жұмысқа орналасады

Қазақстан үкіметі 2026 жылға арналған жұмыспен қамтудың ауқымды жоспарын талқылады: алдағы жылы өңірлік карталар аясында 547,7 мың адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл шешім Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аида Балаева Мемлекет басшысының әлеуметтік салаға ерекше назар аударатынын, себебі азаматтардың әл-ауқаты елдің тұрақты дамуының негізі екенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақталған.

Жиында жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселесі де талқыланды. Балаева бұл саланы цифрландырудың маңызына тоқталды.

"Цифрландыру жағдайында ыңғайлы әрі түсінікті коммуникация құралдарын енгізу маңызды", - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды кешенді әлеуметтік қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Оларды жұмыспен қамту тәсілдерін жетілдіру, қажетті техникалық құралдармен жабдықтау және инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру сияқты міндеттер айқындалды.

Мүгедектікті тағайындау рәсімін ашық ету үшін Аида Балаева Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктерінің ақпараттық жүйелерін біріктіруді тапсырды. Оның айтуынша, «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық тұрғыдан жаңғырту – басты міндет.

Отырыс соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, ведомствоның атқарған жұмысын қорытындылады және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Үкімет жаңа жоспарды бекітті: 2026 жылы 547 мың адам жұмысқа орналасады · Todayinfo