Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде ұйымдастырылмақ болған екі терактінің алдын алды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері былтыр елімізде ұйымдастырылмақ болған екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алды. Бұл мәліметтермен бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде ұйымдастырылмақ болған екі терактінің алдын алды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері былтыр елімізде ұйымдастырылмақ болған екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алды.

Бұл мәліметтермен бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев таныстырды.

Ол келтірген деректерге қарағанда, өткен 2023 жылы лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталған.

«Жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен терроризмге қарсы 208 командалық-штабтық және 196 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті»,-деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ ол экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жиі кездесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндады.

Ермек Сағымбаевтың атуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 1,5 триллион теңгеден астам қаржы түскен, соның ішінде мемлекеттік бюджетке қайтару бастамасы аясында 680 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылған.

 

Related

Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде ұйымдастырылмақ болған екі терактінің алдын алды · Todayinfo