Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаржы сомасы белгілі болды

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылға арналған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаларға берілетін төлем мөлшерін жариялады. Үшінші төлем 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жүргізіледі. Нақты сома әлі бекітілмесе де, Сүлейменов

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
Ұлттық қордан балаларға берілетін қаржы сомасы белгілі болды
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылға арналған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаларға берілетін төлем мөлшерін жариялады. Үшінші төлем 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жүргізіледі. Нақты сома әлі бекітілмесе де, Сүлейменовтің айтуынша, әр бала 2025 жылдағыдай шамамен 130 АҚШ долларына (65 мың теңгеден аса) ие болады. Бұл қаржы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін 18 жасқа толмаған Қазақстан азаматтарына беріледі.

Ұлттық қордың табысы

Сүлейменовтің мәліметінше, 2025 жылы Ұлттық қордан түскен кіріс 8,7 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.
«Бұл – қор тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Ірі трансферттер мен қордан алынған қаражаттарға қарамастан, Ұлттық қор өз өсуін сақтап қалды», – деді ол.
Еске салсақ, 2024 жылы балаларға 100,52 АҚШ доллары аударылса, 2025 жылы бұл сома 129,38 АҚШ долларына жетті. Төлем көлемі Ұлттық қордың валюталық активтері мен инвестициялық кірісіне тікелей байланысты, ал төлемдер қордың ұзақ мерзімді инвестициялық табысының жартысынан қалыптасады.

Қаражатты пайдалану ережелері

Аталған төлемді азамат кәмелет жасына толғаннан кейін тек білім алу немесе тұрғын үй сатып алу мақсатында пайдалана алады. Арнайы шоттардан ақшаны мерзімінен бұрын шығару мүмкін емес. Фото: Freepik

Related

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаржы сомасы белгілі болды · Todayinfo