«Ұлы дала жорығы» жобасы халықаралық деңгейде ұйымдастырылады
7 ақпанда «JORYQ» ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджу мырзамен арнайы кездесу өткізді. Әңгіме барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» жобасы туралы сөз қозғалып, 2024 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдау

7 ақпанда «JORYQ» ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджу мырзамен арнайы кездесу өткізді.
Әңгіме барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» жобасы туралы сөз қозғалып, 2024 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен алғаш рет халықаралық деңгейде өткелі тұрған марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
«Ұлы дала жорығы» халықаралық дүбірлі додасының 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында өтетін маусымына арнайы Ботай (СҚО) - Бозоқ (Астана) бағыты таңдалып алынуы терең мазмұнға ие. Кемінде шетелдік 15 команда бақ сынайтын айтулы бәйгенің жалпы қашықтығы 400 шақырымды құрайды.
Марафон-бәйгенің Ботайдан басталуының басты бір себебі – ғалымдардың зерттеуінше адам баласы жылқы малын дәл осы жерде алғаш рет қолға үйреткен деп есепетелінеді. Ал, Астана қаласының түбіндегі Бозоқ қалашығы VIII–X ғғ. көне түркілердің киелі мекені болып саналады.
Сонымен қатар, Б.Тұрлыбеков Мустафа Капуджу мырзаға Түркияның ат спортына жауапты мекемелермен тығыз байланыс орнатуға және алда өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру жұмысына елшілік тарапынан ерекше назар аударуын сұрады.
Мустафа Капуджу мырза кездесу соңында «JORYQ» ат спорты федерациясының бастамаларына өз деңгейінде қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді.
Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсан айында «JORYQ» ат спорты федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығына енді. Қазір Ұлттық спорт қауымдастығының құрамында Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Жамбы ату, Теңге ілу, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Асық ату, Тоғызқұмалақ және «JORYQ» сияқты 10 федерация бар.
«JORYQ» федерациясы – «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін жүзеге асырушы.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·