Ұлыбританияда балаларды қатерлі ісіктен емдейтін препартты қолдануға рұхсат етілді
Ұлыбританияда қатерлі ісікке шалдыққан балаларға арналған жаңа препаратты қолдануға рұқсат берілді. Блинатомумаб деп аталатын дәрілік заттың химиотерапиямен салыстырғанда уыттылығы төмен және жанама әсері аз. Бұл туралы Todayinfo ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарл

Ұлыбританияда қатерлі ісікке шалдыққан балаларға арналған жаңа препаратты қолдануға рұқсат берілді. Блинатомумаб деп аталатын дәрілік заттың химиотерапиямен салыстырғанда уыттылығы төмен және жанама әсері аз. Бұл туралы Todayinfo ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрілік препаратты алғашқы болып Лондондағы Great Ormond Street балалар ауруханасы пайдаланып көрді.
Ал алғашқы науқастардың бірі - лейкозбен ауыратын 11 жасар Артур болды. Оның ата-анасы ВВС-ге берген сұхбатында жаңа терапияның балаға оң әсер бергенін айтты.
Тағы бір артықшылығы - препаратты ауруханада ғана емес, үйде де қабылдай беруге болады. Нәтижесінде бала отбасымен көбірек уақыт өткізіп, сүйікті ісімен айналыса бастады.
Блинатомумаб - биологиялық препараттар тобына жатады. Бұл - тірі организмдерде пайда болатын табиғи антиденелердің жасанды аналогы. Осы топтағы басқа препараттар ревматоидты артрит сияқты аутоиммунды ауруларды емдеу үшін қолданылады.
Препарат лейкоздың әртүрлі түрлерін (лейкоциттердің қатерлі ісігі) емдеу үшін қолданылады. Оның басты артықшылығы - рак клеткаларына «шабуыл жасайды», одан сау жасушалар зардап шекпейді. Науқас ауру жасушалармен қатар сау жасушаларды да бұзатын химиотерапияға қарағанда бұл препаратқа әлдеқайда жеңіл шыдайды.
Блинатумаб біраз уақыттан бері ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылған, бірақ сарапшылар оның балаларға да қауіпсіз екенін анықтады.
Фото: SANDRINE HEUTZ
Todayinfo.kz
Related

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·