Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына барып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Алдымен өңір басшысы қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін «Есқұла» жерасты су көзіне барып, нысанда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

WhatsApp Image 2026-07-22 at 10.22.26 (1).jpeg

Келесі кезекте облыс әкімі жылу электр стансасында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бақылады. Нысанның қысқы кезеңге толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы облыстық фтизиопульмонология орталығында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысып, күрделі жөндеуді жыл соңына дейін аяқтауды міндеттеді.

WhatsApp Image 2026-07-22 at 10.22.26.jpeg

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобалардың жүзеге асу барысын да назарға алды.

Аралау қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, Сәтбаев қаласының алдағы даму бағыттары жан-жақты талқыланды.

WhatsApp Image 2026-07-22 at 10.22.28.jpeg

Жиында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын күшейту, санитарлық тазалықты жүйелі түрде ұйымдастыру, жол-көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыру мәселелері қаралды.