Ұлытау облысында азаматтық некедегі ер адамды өлтірді деп айыпталған әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Ұлытау облыстық сотының мәліметінше, И.-ға қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі — адам өлтіру дерегі бойынша қаралған. Тергеу және сот барысында 2025 жылдың тамызында алкогольдік мас күйдегі ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындағаны анықталды. Жанжал кезінде әйел ас үй пышағымен азаматтық некедегі жұбайының кеуде тұсына бір рет соққы жасаған. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші тараптың және куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ іс материалдарындағы өзге де заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген. Мемлекеттік айыптаушы соттан әйелге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жазаны жеңілдетуді өтінген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша бұл құқық бұзушылық аса ауыр санатқа жатады және 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Істің мән-жайын, айыпталушының кінәні мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін жағдай ретінде ескерген сот үкімімен И.-ға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ұлытаудағы ұрыс: ашулы күйеудің қолынан тағы бір әйел ажал құшты
Фото: Depositphotos Ұлытау облысында азаматтық некедегі ер адамды өлтірді деп айыпталған әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Ұлытау облыстық сотының мәліметінше , И.-ға қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы

Фото: Depositphotos
Related

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·