[Әлем чемпионы Жанқош Тұраров өзіне қатысты желіде тараған қыз зорлады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Todayinfo. Әйгілі боксшы Instagram-дағы ресми парақшасына үш қыз өсіріп отырғандығын, өзіне жала жабылғандығын жазды. Айтуынша, қазір мәселенің мән-жайы анықталып
[Әлем чемпионы Жанқош Тұраров өзіне қатысты желіде тараған қыз зорлады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды
Todayinfo.
Әйгілі боксшы Instagram-дағы ресми парақшасына үш қыз өсіріп отырғандығын, өзіне жала жабылғандығын жазды. Айтуынша, қазір мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
"Үш қыз өсіріп отырған әкемін! (ары қарай сөзі өңделмей, пунктуация сақталды -авт.) төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!" – деп жазды Жанқош Тұраров.

Сондай-ақ спортшы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді.