Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ұшақ апатына байланысты көңіл айтқан миллиардерді ара шағып өлтірді

Ұлыбританияда үнді миллиардері, әлемге әйгілі Sona Comstar компаниясының басшысы Санджай Капур кенеттен қайтыс болды. Оны ара шағып алған, деп хабарлайды Todayinfo. Поло ойына кезінде 53 жастағы кәсіпкердің аузына ара кіріп кетіп, тамағынан шағып алған. Капур анафилактикалық шок

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Ұшақ апатына байланысты көңіл айтқан миллиардерді ара шағып өлтірді
Ұлыбританияда үнді миллиардері, әлемге әйгілі Sona Comstar компаниясының басшысы Санджай Капур кенеттен қайтыс болды. Оны ара шағып алған, деп хабарлайды Todayinfo. Поло ойына кезінде 53 жастағы кәсіпкердің аузына ара кіріп кетіп, тамағынан шағып алған. Капур анафилактикалық шок алып, есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер шұғыл әрекет еткен, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Санджай Капур халықаралық бизнес қауымдастығында «өнеркәсіп алыбы» ретінде танымал болды. Ол басқарған Sona Comstar компаниясы Үндістан, АҚШ, Сербия, Мексика және Қытай нарығын қамтып, электромобильдерге арналған қосалқы бөлшектер секторында жетекші орынға шыққан. Марқұм ханзада Уильяммен жақын дос болған. Оның өлімін ешкім күтпеген. Санджай Капур қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желіде Үндістанда болған Air India ұшағы апатына байланысты көңіл айтқан. «Ахмедабадтағы Air India апатында зардап шеккен отбасыларға дұғамды арнаймын. Сіздерге күш-қуат берсін»,-деп жазған миллиардер.

Related

Ұшақ апатына байланысты көңіл айтқан миллиардерді ара шағып өлтірді · Todayinfo