Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ыстамбұлда қазақ азаматын атып кетті: күдіктілер шекарадан өтпек болған

Ыстамбұлда қазақстандық азаматты атып кетті. Логистикалық компания қызметкеріне жасалған шабуылға күдікті екі Грузия азаматы ұсталды.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Ыстамбұлда қазақ азаматын атып кетті: күдіктілер шекарадан өтпек болған

Ыстамбұлдың орталығында қазақстандық азамат Ариф Исмаиловты атып кетті. Логистикалық компанияда жұмыс істеген отандасымыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 31 наурыз күні қаланың Фатих ауданында болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, марқұмға көшеде оқ атылған.

Күдікті ретінде екі Грузия азаматы анықталды. Олар елден қашып кетпек болған кезде, яғни оқиғадан бір күн өткен соң қолға түскен.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қаза тапқанын растады. Бас консулдық қызметкерлері марқұмның жақындарымен байланыс орнатып, қажетті көмекті көрсетіп жатыр, сондай-ақ тергеу барысын жіті бақылауда ұстауда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Ыстамбұлда қазақ азаматын атып кетті: күдіктілер шекарадан өтпек болған · Todayinfo