«Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру – ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері – Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш тақта ашу қажет деп санаймын. «Тарих – таразы» деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының еңбегі ешқашан ұмытылмайды», – делінген Тоқаевтың жолдаған хатында.Жиналған қауым Заманбек Нұрқаділовтің еңбегін Президенттің ескеріп жатқанына ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар белгілі азаматтар ескерткішті Кегенде ғана емес, Алматы қаласында да тұрғызу керектігін айтып жатты. Айта кетейік, Заманбек Қалабайұлы 1944 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Саясаткер 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды. Екі оқ кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Ол Алматыдағы «Кеңсай» зиратына жерленген. Заманбек Нұрқаділов Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы (1985 – 1992), Алматы қаласының әкімі (1992 – 1994), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1995 – 1997), Алматы облысының әкімі (1997 – 2001), ҚР Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы (2001 – 2004) қызметтерін атқарды. фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz
Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнатылады
Бүгін 15 қаңтар – мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл. Кеше марқұмның туған күніне байланысты Алматыда ас берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған хатын баспасөз хатшысы Берік Уәли оқып берді, деп хабарлайды Tod

Бүгін 15 қаңтар – мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл. Кеше марқұмның туған күніне байланысты Алматыда ас берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған хатын баспасөз хатшысы Берік Уәли оқып берді, деп хабарлайды Todayinfo Qaz365.kz. -ке сілтеме беріп.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·