Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауданында 37 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы баласы найзағай түсіп, екеуі де көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға әкесі мен ұлы мал бағып жүрген сәтте болған.
Облыстық полиция департаменті бұл жайт бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе қаласында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған дәрігердің мәйіті табылғаны жайлы да ақпарат тараған болатын. Бұл факті бойынша да тергеу басталған.




