Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылындағы гидробекетте 630 сантиметрден асты

Жайық өзеніндегі су деңгейі Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 633 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 29 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша су деңгейі Тайпақта бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарыл

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылындағы гидробекетте 630 сантиметрден асты
Жайық өзеніндегі су деңгейі Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 633 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 29 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша су деңгейі Тайпақта бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылады.

Жайық облыстың басқа жерлерінде саябырсып, қалыпқа түсіп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылындағы гидробекетте 844 (-10, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 838 (-8, 850 см), Көшімде 846 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Батыс Қазақстанның өзге өзендерінде де су деңгейі төмендеуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілгенін жазған болатынбыз.

 

Related

Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылындағы гидробекетте 630 сантиметрден асты · Todayinfo