Ұзақ уақыт желіде көрінбей кеткен Тревел блогер Қайсар Қамза видео түсіріп, ешкім соттамағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу жарияланып, Вьетнамда ұсталғанын хабарлаған еді.

Полицияның мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.