Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жамбыл облысында 2 адам пойыз астында қалып, көз жұмды

Жамбыл облысында жазатайым оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo Көліктегі полиция басқармасына сілтеме беріп. 21 қаңтарда таңғы сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында оқыс оқиғадан темір жол көлігінің 2 қызметкері көз жұмды. Бұл

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жамбыл облысында 2 адам пойыз астында қалып, көз жұмды
Жамбыл облысында жазатайым оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo Көліктегі полиция басқармасына сілтеме беріп. 21 қаңтарда таңғы сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында оқыс оқиғадан темір жол көлігінің 2 қызметкері көз жұмды. Бұл дерек негізінде Шу станциясындағы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚТЖ мәліметінше, бұл қайғылы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылған. Todayinfo.kz

Related

Жамбыл облысында 2 адам пойыз астында қалып, көз жұмды · Todayinfo