Қазақстанның оңтүстігінде жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Қарулы күштердің ұшқышсыз ұшу аппараты төтенше жағдайда жерге қонды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 2 маусым күні Жамбыл облысының Талас ауданында болған. Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі әскери дрон жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындап жүрген кезде құлаған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, жерде ештеңе қирамаған. 

“Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ”, – делінген хабарламада. 

Мәліметке сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппаратының төтенше қонуына техникалық ақау себеп болған. 

Істің мән-жайы мен нақты себебін анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Қазір мамандар дрон құлаған аумақты тексеріп, оның техникалық жағдайын зерттеп жатыр.