Жамбыл облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкері қаза тапты
11 ақпан күні кешкі сағат 19:40 шамасында «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп

11 ақпан күні кешкі сағат 19:40 шамасында «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Апат кезінде патрульдік көлікте болған екі полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда, Жамбыл облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қызмет атқарған. Биыл, 2025 жылдың 6 ақпанында ол қазіргі қызметіне тағайындалған болатын. Қызметтік міндетін мінсіз орындағаны үшін 9 мәрте марапатталған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын білдірді.
Related

Regions
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Айғаным Нариманова·

Regions
В рамках программы «Таза Қазақстан» в области Ұлытау прошли экологические челленджи
Айғаным Нариманова·

Regions
Более четырёх тысяч человек собрались на площади Государственных символов в Караганде
Айғаным Нариманова·

Regions
Қарағандыдағы Мемлекеттік рәміздер алаңына төрт мыңнан астам адам жиналды
Айғаным Нариманова·