Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Жамбылда ер адам өзін өртемек болған

Жамбыл облысында ер адам өзін өртеп, суицид жасамақ болды. Оны құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды Todayinfo. ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысы ТЖД «112» қызметіне Тараз қаласындағы орта мектептің жанында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен. «Оқ

By Айғаным Нариманова··1 min read
Жамбылда ер адам өзін өртемек болған

Жамбыл облысында ер адам өзін өртеп, суицид жасамақ болды. Оны құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды Todayinfo.

ТЖМ мәліметінше, Жамбыл облысы ТЖД «112» қызметіне Тараз қаласындағы орта мектептің жанында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары әрекеттің алдын алды. Жәбірленуші жеңіл күйік алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Related

Жамбылда ер адам өзін өртемек болған · Todayinfo