Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жаңа Конституция жобасы: Қоғамдық кеңестер бірауыздан қолдау білдірді

Астанада өткен жиында Қоғамдық кеңестер жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдады. Тараптар азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді талқылады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Жаңа Конституция жобасы: Қоғамдық кеңестер бірауыздан қолдау білдірді

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының отырысында жаңа Конституция жобасы бірауыздан қолдау тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бас қалада өткен жиынға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және өңірлік деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Ата заңның жаңа жобасын талқылау болды. Отырысқа қатысушылар мемлекеттік саясатты қалыптастыруға азаматтардың белсене араласуын кеңейту жолдарына ерекше назар аударды.

Талқылау нәтижесінде жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасын толықтай қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар олар мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту және қоғамдық кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды талқылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Жаңа Конституция жобасы: Қоғамдық кеңестер бірауыздан қолдау білдірді · Todayinfo