Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жаңа Конституцияны жас та, үлкен де түсініп, қабылдай алатын болады – Мемлекеттік кеңесші

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин маз мұн , ұстаным, мағына , жаңашылдық, тілдік норма жағынан қолданыстағы К онституция мен жаңа Ата заңның арасындағы айырмашылық біршама екенін мәлімдеді . Өз сөзін Конституциялық

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Жаңа Конституцияны жас та, үлкен де түсініп, қабылдай алатын болады – Мемлекеттік кеңесші

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мазмұн, ұстаным, мағына, жаңашылдық, тілдік норма жағынан қолданыстағы Конституция мен жаңа Ата заңның арасындағы айырмашылық біршама екенін мәлімдеді.

Өз сөзін Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары реформаға қатысты түрлі хат пен пікір келіп түскенінен бастады. Оның пікірінше, жаңа Ата заңның қажеттілігімен маңызын көпшілік дұрыс қабылдап жатыр екен.

Қолдау көрсеткен барша азаматтарға Конституциялық комиссия атынан алғыс айтаотырып, Ерлан Қарин өзге де пікір айтушылардың барын жеткізді.

«Жаңа Конституцияны әуре боп қабылдаудың қандай қажеті бар еді?» немесе «Ескі Ата Заң қала берсін» дейтін пікірлер декездесіп жатыр» деп айта келе ол әрбіротырыста қоғаммен кері байланыс орнатып, туындап отырған сұрақтарға үнемі үн қатып жүргеніне назар аударды.

Бұл жолы да Мемлкеттік хатшы туындаған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, мысал ретінде 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституциядан бір үзінді оқып берді.

«Қазіргі Ата Заңның 13-бабы 1-тармағындабылай деп жазылған: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы». Осыдан не түсінуге болады?», – деп сұрады ол.

Оның пікірінше, мұны бірнеше рет оқыған адам да, тыңдаған адам да ештеңе түсінбейді. Ал мұндай түсініксіз сөйлемдерді, ұғынықсыз сөздерді қолданыстағы Атаң заңның көптеген баптары мен тармақтарынан кездестіруге болады.

«Асыра айтқандық емес, бірақ 1995 жылы қабылданған қолданыстағы ескі Конституция мен жаңа Ата Заңның арасындағы мазмұндық, ұстанымдық, мағыналық, жаңашылдық, тілдік, редакциялық тұрғыдан айырмашылық біршама. Жаңа Конституцияны, ондағы жаңа мәтінді жас та, үлкен де түсініп, қабылдай алатын болады. Ең бастысы – осы», – деді Ерлан Қарин.

Сөз соңында Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары мұндайжаңашылдықты жан-жақты түсіндіру керектігін айта келе, елдік істерге ақылмен, сындарлы көзқараспен, нақты жұмыспен, жасампаздықпен кірісу маңызды екенін атап өтті.

Related

Жаңа Конституцияны жас та, үлкен де түсініп, қабылдай алатын болады – Мемлекеттік кеңесші · Todayinfo