Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жаңа SIM-карта іске қосылуы үшін биометриядан қайда және қалай өту керек

3 қаңтардан бастап жаңа SIM-карта биометрия расталмайынша іске қосылмайды. Биометрияны қосымшада не оператордың ресми бөлімшесінде өтеді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Жаңа SIM-карта іске қосылуы үшін биометриядан қайда және қалай өту керек

3 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа SIM-карта сатып алған адам биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Биометрия расталмайынша, жаңа нөмір жұмыс істемейді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтің айтуынша, дүкеннен SIM-карта алған жағдайда да талап бірдей.

"Егер сіз, мысалы, дүкенге келіп, сол жерден SIM-карта сатып алсаңыз, ол өз атыңызға биометриялық сәйкестендіруден өтпейінше жұмыс істемеуі керек", – деді Дамир Сейсембеков үкіметтегі брифингте.

Абонент SIM-картаны телефонға салған кезде нұсқаулық жазылған хабарлама келеді. Соның ішінде биометриядан қалай өту керегі қадам-қадамымен көрсетіледі.

Үш ұялы байланыс операторы биометриядан тікелей өз қосымшасы арқылы өтуге мүмкіндік берген. Бұл тәсілге уақыт та аз кетеді, бөлімшеге бару да міндет емес.

Комитет төрағасы SIM-картаны дүкеннен іздеп әуре болмаған дұрыс дейді. Оның сөзінше, нөмірді операторлардың мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеу әлдеқайда оңай.

"Жалпы, бүгінгі күні менің ойымша, SIM-картаны дүкеннен сатып алудың қажеті жоқ. Оны операторлардың мобильді қосымшалары арқылы оңай аласыз… Егер (биометриядан өту. – Авт.) сізге қиын болса немесе смартфоныңыз жоқ, батырмалы телефон қолдансаңыз, онда ұялы байланыс операторларының ресми сату бөлімшесіне жүгінесіз", – деді Дамир Сейсембеков.

Related

Жаңа SIM-карта іске қосылуы үшін биометриядан қайда және қалай өту керек · Todayinfo