Жаңаөзендегі газ құю бекетінде сұйытылған газ сыртқа таралып кеткен
Жаңаөзенде 5 тоннадай газ сыртқа тарап, көлік қозғалысы тоқтатылғанымен, зардап шеккендер жоқ.

Ресми мәліметке сүйенсек, Жаңаөзендегі өнеркәсіптік аймақта орналасқан «Анар» автогаз құю станциясында сұйытылған газдың ірі көлемде сыртқа таралуы тіркелді.
Бұл жағдай 30 желтоқсан күні кешкі 18:34 шамасында болған. Қауіпті жағдай тұрғындарға және көліктерге қауіп төндіргенімен, зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Газ фланецтік қосылымнан, яғни шамамен 5 тонна сыйымдылығы бар цистернадан сыртқа шыққан. Жан-жаққа ақ түсті қалың газ бұлты таралып, аймақты жауып қалғаны бейнежазбаларда анық көрінеді.
Полиция оқиға орнына дереу жетіп, аумақты қоршауға алды. Уақытша түрде көлік қозғалысы тоқтатылды. Құтқару жұмыстарына 28 маман мен 11 техника жұмылдырылды.
Газдың концентрациясын төмендету үшін өрт сөндірушілер су бүркіп, екі өрт сөндіру құрылғысын қолданды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·