Жаңатас қаласында полицейге пышақ ұрған тұрғын 9 жарым жылға сотталды
Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне қол көтергені үшін сот алдына келді. Іс материалдарында көрсетілгендей, оқиға 2023 жылдың 12 тамызында болған. Сол күні екеуі мейрамханада өткен тойға қонақ болған. Кеш соңында мас ер адам тәртіп сақшысын жанжалға әдейі

Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне қол көтергені үшін сот алдына келді.
Іс материалдарында көрсетілгендей, оқиға 2023 жылдың 12 тамызында болған. Сол күні екеуі мейрамханада өткен тойға қонақ болған. Кеш соңында мас ер адам тәртіп сақшысын жанжалға әдейі сүйреп апарған. Ауызша жанжал кезінде ол пышағын полицейдің кеуде тұсына сұғып алған.
Жаралы азамат жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды.
Белгілі болғандай, жәбірленуші Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Қақтығысқа ренжіш себеп болған. Тойға бір ай қалғанда полиция қызметкері Жаңатас тұрғынына көліктің алдыңғы орындығына перде орнатқаны үшін ескерту жасаған. Инспектордың сөзі ер адамға ұнамай, одан кек алуға шешім қабылдапты.
Сотта прокурор айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін ішінара мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.
Нәтижесінде адам өлтіруге оқталған күдікті 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
фото: ғаламтордан
Todayinfo.kz
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·