Жапонияда қарлы бораннан 56 көлік соқтығысты: 2 адам қаза тауып, 26 адам жараланды
Жапонияда қарлы боран мен көктайғақ салдарынан 56 көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты, 26 адам жараланды. Жол толық жабылды.

Жапонияда қатты қар мен көктайғақтың салдарынан бірден 56 көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Оқиға сенбіге қараған түні Канэцу тасжолында, Гумма префектурасындағы Минаками қаласы маңында тіркелген.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
NTV арнасының мәліметіне қарағанда, ірі жүк көлігі қар басқан жолда тайып кетіп, бұрылыстан кейінгі өрге көтерілетін тұста тоқтап қалған. Оның артынан келе жатқан автокөліктер дер кезінде тежей алмай, соңы тізбекті соқтығысқа ұласқан.
Куәгерлердің айтуынша, жол бедері күрделі болғандықтан жүргізушілер соқтығыс болған орынды алдын ала көрмей қалған. Апат кезінде бірнеше көлік отқа оранғаны да хабарланды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·