Todayinfo.kz
NewsView all articles

Желіде бауырсақ пісіріп отырған африкалық әйелдің видеосы қазақстандықтарды таңғалдырды

Фото: видеокадр Желіде тараған видеода африкалық әйелдің бауырсақ пісіріп отырған сәті бейнеленген. Бейнежазба қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, пікірлер легі әлеуметтік желіні шарлап кетті, Пайдаланушылар бұл көрініске таңданыстарын жасыра алмады: «Бауырсақты қызғанымын

By Айғаным Нариманова··1 min read
Желіде бауырсақ пісіріп отырған африкалық әйелдің видеосы қазақстандықтарды таңғалдырды
Фото: видеокадр Желіде тараған видеода африкалық әйелдің бауырсақ пісіріп отырған сәті бейнеленген. Бейнежазба қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, пікірлер легі әлеуметтік желіні шарлап кетті, Пайдаланушылар бұл көрініске таңданыстарын жасыра алмады:
«Бауырсақты қызғанымын деп ойламаппын», – деп жазды желі қолданушыларының бірі. «Бауырсақтың астына қағаз жайыпты, біраз нәрседен хабары бар-ау. Біз бауырсақ пісіргенде екі ортада жүгіреміз, бұл бейқам отыр. Жетісайда отырғандай отыр әпкеміз», – деген әзіл аралас пікір де жазылған.
Көптеген қолданушылар әйелдің әрекетіне сүйсініп, оның даярлау тәсіліндегі ұқыптылығына назар аударған. Кейбірі мұны қазақ тағамының халықаралық деңгейге танылып келе жатқанының белгісі ретінде қабылдап, әзіл мен шынайы мақтаныш аралас пікірлер қалдырды.  
@africanvillagelife SOFTEST Mandazi Ever! 😍 African village mum’s recipe is too delicious to miss! 🍩🔥 #softmandazi #mandazirecipe #africanfood #villagecooking #fyp #homemadefood #traditionalrecipes #countrysidelife #tiktokfoodie #slowcooking #viralrecipe ♬ original sound - African Village Life

Related

Желіде бауырсақ пісіріп отырған африкалық әйелдің видеосы қазақстандықтарды таңғалдырды · Todayinfo