Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Жеңілтек әйел болған»: қалталы еркектерге қылмыңдаған Ерке Есмаханның ерсі қылықтары тарап кетті (ФОТО)

Әлеуметтік желіде танымал әнші Ерке Есмаханға қатысты даулы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Threads платформасында бір оқырман әншінің жеке өміріне байланысты күтпеген жайттарды әшкере еткен. Жазба авторының айтуынша, оның бұрын «Қайрат» футбол кл

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
«Жеңілтек әйел болған»: қалталы еркектерге қылмыңдаған Ерке Есмаханның ерсі қылықтары тарап кетті (ФОТО)
Әлеуметтік желіде танымал әнші Ерке Есмаханға қатысты даулы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Threads платформасында бір оқырман әншінің жеке өміріне байланысты күтпеген жайттарды әшкере еткен. Жазба авторының айтуынша, оның бұрын «Қайрат» футбол клубында ойнаған Еркебұлан Тұңғышбаевпен таныспақ болған. Сол азамат өзіне Ерке Есмаханмен болған хат-хабарын көрсеткенін айтады.
«Алғашында қатты шошыдым. Ол диалогты басынан аяғына дейін оқып шығуымды өтінді. Өзі де ондайды одан күтпеген сияқты», — деп жазады ол.
Автордың сөзінше, хат алмасуда Ерке Есмахан отбасылы футболистпен кездескісі келетінін ашық айтқан.
«Ол маған қатты ұнайды, бәрібір онымен кездесемін», — деген сөздер жазбада келтірілген.
Сондай-ақ желі қолданушысы әншінің көбіне үйленген немесе баласы бар ер адамдарға қызығатынын, көптеген футболистермен бірге болғанын алға тартады.
Сосын ол Еркенің өте жеңілтек әйел екенін айтты. оны бос жүрген ер адамдар қызықтырмайды, ол үнемі үйленген еркектерге (немесе қызы бар еркектерге) жабысады, - деп жазылған жазбада.
Бұдан бөлек, Бауыржан Исламхан мен оның жұбайымен стористе болған жанжал да еске алынады.
Бауыржан Исламхан мен оның жұбайымен де стористе жанжал болған. Ерке мен Еркежан стористе бір-біріне ишара жасап, ұрысып қалған. Соңында Исламхан әйелін тыныштандыру үшін Ерке Есмаханды бұғаттап тастаған", - деп жазды ол.
Бұл жазба желіде қызу талқыланып, пікірлер қарша жауды.
«Мен сенемін, көрініп тұр ғой қандай екені», «Біліп едім осы Еркенің бірдеңесі бар екенін, сүйкімсіз екенін!», «Ол ақпарат баяғыдан бар еді ғой», «Бұрын қымбат ресторандарда Ерке Есмахан неше түрлі бай еркектермен тамақ ішіп жүретін», «Кезінде отельде Төреғалимен де ұсталған», «Осындай қылымсығандардан қорқу керек», — деп жазды оқырмандар.

Related

«Жеңілтек әйел болған»: қалталы еркектерге қылмыңдаған Ерке Есмаханның ерсі қылықтары тарап кетті (ФОТО) · Todayinfo