Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды
Тимур Айбекұлы Губашев Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және «Тұран-Астана» университетін «екі шетел тілі: ағылшын тілі», «Құқықтану» мамандықтары

Тимур Айбекұлы Губашев Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Ол 1994 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және «Тұран-Астана» университетін «екі шетел тілі: ағылшын тілі», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының сарапшысы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының бас сарапшысы, Интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің жұртшылықпен байланыс басқармасы – баспасөз қызметінің басшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.
Related

Jetysu Region
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда
Айдар Керім·

Jetysu Region
Области Жетісу – 4 года: в селах Ескельдинского района решен ряд многолетних проблем
Todayinfo Admin·

Jetysu Region
Бейбіт Исабаев қаза болған құтқарушының туыстарына мемлекеттік награда табыстады
Жаннұр Еділбаева·

Jetysu Region
Фестиваль "Цветение яблони Сиверса" прошел в Жетісу
Жаннұр Еділбаева·