Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жетісуда браконьер 3 млн теңгенің балығын аулаған

Жетісу облысында 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлады Todayinfo   тілшісі. Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 келі балықты заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады. "Автокөліктің багажын тексеру кезінде тас

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жетісуда браконьер 3 млн теңгенің балығын аулаған
Жетісу облысында 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 келі балықты заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.
"Автокөліктің багажын тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық табылды. Алдын ала залал 2 млн 800 мың теңге болды. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр", – деді табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.
Полиция тұрғындар мен қонақтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.  

Related

Жетісуда браконьер 3 млн теңгенің балығын аулаған · Todayinfo