Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жезқазғанда ер адам полиция көлігінде қайтыс болды

Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жан

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жезқазғанда ер адам полиция көлігінде қайтыс болды
Жезқазғанда медициналық мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан ер адам полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Ұлытау облысының полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жанжал шығарып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ер адамды медициналық мекемеге тексеру үшін алып бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін байқаған, көп ұзамай ол қайтыс болып кеткен. Сараптама қорытындысы бойынша, ер адам алкогольдік кардиомиопатия салдарынан жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінде заңбұзушылық болмағанын анықтады», - деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.
 

Related

Жезқазғанда ер адам полиция көлігінде қайтыс болды · Todayinfo