Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Жүдеп кетіпті»: Майра Ілиясова күйеуіне өзі тоқал алып бергенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот Танымал әнші, продюсер Майра Ілиясова жеке өміріне қатысты сауалға шынайы жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Өнер иесінің айтуынша, ол жолдасы Бақытжанмен студенттік шақта танысқан. «Жолдасым Бақытжан түсінігі мол, кең жүректі жан

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Жүдеп кетіпті»: Майра Ілиясова күйеуіне өзі тоқал алып бергенін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Танымал әнші, продюсер Майра Ілиясова жеке өміріне қатысты сауалға шынайы жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Өнер иесінің айтуынша, ол жолдасы Бақытжанмен студенттік шақта танысқан.
«Жолдасым Бақытжан түсінігі мол, кең жүректі жан еді. Менің шығармашылығыма әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қарайтын. Таңғы 5-те келсем де, ешқашан ауыр сөз айтқан емес. Бір күні 40 күнге іс-сапарға кеттім қызымды күйеуімме тастап. 40 күннің ішінде күйеуім жүдеп кеткен. Сондай мықты ер азаматты қор қылып жүрмін деп ойладым. Тамағын да уақытылы ішпейді. Үйде күтіп отыратын әйелі болу керек еркектің. 2 жыл ойланып, осындай шешімге келдік », – дейді әнші.
Сондай-ақ ол өнер жолынан бас тарту өзіне оңай соқпағанын да жасырмады.
«Мен өнерді тастап кете алмадым. Өмір солай өрбіді. Оған өзіне лайықты жан табуы керектігін айттым. Қазір де араласамыз. Оның отбасы, ұлы бар. Бәрі жақсы», – деді Майра Ілиясова «Өнер өрнегі» бағдарламасында берген сұхбатында.

Related

«Жүдеп кетіпті»: Майра Ілиясова күйеуіне өзі тоқал алып бергенін айтты (ВИДЕО) · Todayinfo