Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жүргізушілер назарына: "Жаңа айыппұл" туралы қауесет рас па?

Қазақстандық көлік жүргізушілері арасында дүрбелең тудырған ақпарат әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Хабарламада жол бойындағы камералардың жұмыс істеу тәртібі өзгеріп, енді айыппұл арқалау әлдеқайда оңай болатыны айтылған. Көпшіліктің ұйқысын қашырған бұл мәселеге Ішкі істе

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жүргізушілер назарына: "Жаңа айыппұл" туралы қауесет рас па?

Қазақстандық көлік жүргізушілері арасында дүрбелең тудырған ақпарат әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Хабарламада жол бойындағы камералардың жұмыс істеу тәртібі өзгеріп, енді айыппұл арқалау әлдеқайда оңай болатыны айтылған.

Көпшіліктің ұйқысын қашырған бұл мәселеге Ішкі істер министрлігі арнайы түсініктеме берді.

Желідегі дүрбелең неден басталды?

 

Threads әлеуметтік желісінде тараған жазбада белгісіз қолданушы барша жүргізушілерді сақ болуға шақырған. Оның айтуынша, енді түнгі сағат 00:00-ден кейін «Сергек» және басқа да камералар жылдамдықты 66 км/сағ-тан бастап тіркей бастайды-мыс.

Автор: «Мен үнемі 68-69-бен жүретінмін. Енді 68 немесе 70-пен жүрсеңіздер де, автоматты түрде 19 000 теңге айыппұл келеді. Жүйеге артық ақша шашпаңыздар», — деп жазған.

Бұл хабарлама жүргізушілер қауымын екіге жарды: бірі сеніп қалса, екіншілері мұның кезекті жалған ақпарат екенін алға тартты.

Ресми жауап: Ереже өзгерді ме?

 

Көп ұзамай Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Түнгі уақытта рұқсат етілген жылдамдық шегі 66 км/сағ болады деген хабарлама – фейк. Елімізде ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін жылдамдық шегі бұрынғыша 60 км/сағ күйінде қалды», — деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері камералардың техникалық баптауларына да тоқталды. Заң бойынша, әкімшілік жауапкершілік жылдамдықты белгіленген мөлшерден 10 км/сағ-қа асырғанда ғана басталады.

Яғни, камералар 70 км/сағ және одан жоғары жылдамдықты тіркегенде ғана айыппұл жазылады.

ІІМ тұрғындардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді және чаттардағы тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді сұрады.

Related

Жүргізушілер назарына: "Жаңа айыппұл" туралы қауесет рас па? · Todayinfo