Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған: Алматыда 5 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: Zakon.kz Әл-Фараби даңғылында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желілерде жаппай апат болған жерден видео жарияланды. Кадрлардан асфальт үстінде қара түсті үлкен полиэт пакетке оралған адам денесі, жол-көлік оқиғасына ұшыр

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған: Алматыда 5 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: Zakon.kz
Әл-Фараби даңғылында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желілерде жаппай апат болған жерден видео жарияланды. Кадрлардан асфальт үстінде қара түсті үлкен полиэт пакетке оралған адам денесі, жол-көлік оқиғасына ұшыраған жеңіл автокөліктер мен автобус көрінеді. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:30-да Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді.
«1975 жылы туған BYD маркалы автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Олар – Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen маркалы автокөліктер және Yutong автобусы. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін жайсыз сезінген, болжамды диагноз – жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі тіркелді», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.

Related

Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған: Алматыда 5 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды · Todayinfo