Todayinfo.kz
Karaganda Region

Жұмыспен қамту: Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4%-ға төмендеді

Қарағандыда жұмыспен қамту бағдарламасымен шамамен 42 мың адам қамтылды, деп жазады  Todayinfo.kz ақпараттық порталы. 2026-жылдың статистикасына сәйкес, өңірдегі жұмыс күшінің саны 516,4 мың адамды құрады. Оның ішінде 495,7 мың адам жұмыспен қамтылған , ал жұмыссыздар саны -

By Әмірболат Құсайынұлы··3 min read
Жұмыспен қамту: Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4%-ға төмендеді
Қарағандыда жұмыспен қамту бағдарламасымен шамамен 42 мың адам қамтылды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. 2026-жылдың статистикасына сәйкес, өңірдегі жұмыс күшінің саны 516,4 мың адамды құрады. Оның ішінде 495,7 мың адам жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыздар саны - 20,7 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі 4%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша орташа деңгейден (4,6 %) төмен. Осылайша, Қарағанды облысы халықты жұмыспен қамту деңгейі жоғары өңірлердің қатарына енді. Жұмыссыздық деңгейі бойынша да аймақ еңбек нарығындағы ең қолайлы өңірлердің бірі болып саналады. Ал ағымдағы жылдың 5-ақпан күні «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемеде Қарағанды қаласының Мансап орталығы мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.  Іс-шараны өткізу барысында жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары, оның ішінде мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру және квота жүйесімен белгіленген жұмыс орындарына орналастыру түсіндірілді. 2026 жылы аймақта сумен жабдықтау және жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда Үйтас-Айдос жобасының II кезеңі бұл құрылыс саласында жаңа жұмыс орындарын ашты. Еңбек күші тапшы өңірлерге қандастарды қоныстандыру және оларға субсидия беру, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналастыру шаралары жүзеге асырылды. Түрлі бағдарламалар мен арнайы іс-шаралар жастардың қызығушылығын тудырып, өз саласында толықтай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Себебі жастар тәжірибесі және арнайы бағдарламалар арқылы жастар өздеріне ұнайтын, әрі айналысқысы келетін салады өзін байқап көреді әрі жақсы тәжірибе жинайды. Осы орайда кей салалар дамып, жаңа идеялардың тууына және салаларға серпіліс алып келетіндей ықпал ететіндігі анық. 1) Шет елдердегі жүйе секілді оқушыларға жасөспірім кезінен ұнайтын бағытын таңдатқызып немесе анықтап, сол салада тереңірек білім беріп, тәжірибе жинату. Әрі қарай Жоғарғы Оқу орнына дайындық жұмысы және гранттар. 2) Жыл сайын грант бөлген сәтте алдын ала статистика жүргізіп, қай салаға биыл жастардың көбісі бет бұрып отырғандығын анықтау. 3) Кейін сол салаға грант санын көбірек бөлуге мүмкіндік жасау. 4) Сонымен қатар мысалы, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша болса осы саладағы мен деген кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып қызығушылықты арттыру, себебі қазіргі заманға сай түрлі кездесулер, бриффингтер, арнайы бағдарламалар жастарға көп ізденуге және саланы тереңірек тануға мүмкіндік береді. 5) Әр өңірде жұмыс іздейтін қосымша болу қажет, сол арқылы жылдам әрі мамандану бойынша жұмыс табу ықтималдылығы жоғары болады. 6) Семинарлар ұйымдастыру – әр сала бойынша жеке тоқталып, салаға қызығатын жастарды бір топқа жинап түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 7) Жәрмеңкелер – жиі болатын жәрмеңкелер, маман табу мен қатар жұмыссыздықпен күресудің бірден-бір жолы. Жастарды жұмысқа баулу және жастермен жұмыс барыстары әлі де талқылануда. Осы орайда білім, ғылым және арнайы мамандандыру жүйелері дамып келе жатыр. Жастардың үлкен салаларға немесе маман жетіспей жатқан салаларға жұмысқа орналасуы ендігі орын алатын бағдарламалар мен жобаларға тікелей қатысты.

Related