Todayinfo.kz
NewsView all articles

Журналист Асхат Садырбай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады

Журналист Асхат Садырбай Facebook желісіндегі парақшасында өзіне қарсы "ақпараттық шабуыл" жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Оның айтуынша, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратты ресми органдардан емес, «фактчекингсіз, өс

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Журналист Асхат Садырбай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады
Журналист Асхат Садырбай Facebook желісіндегі парақшасында өзіне қарсы "ақпараттық шабуыл" жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Оның айтуынша, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратты ресми органдардан емес, «фактчекингсіз, өсек-аяңға сүйенетін сайттардан» естіген.
"Достар, бүгін мен тағы бір ақпараттық шабуылға тап болдым. Біраз адам алаңдап хабарласып жатыр. Маған 4 ай бұрын "қылмыстық іс" қозғалыпты-мыс. Ең қызығы мен одан мүлдем хабарсызбын және оны мен құзырлы орган өкілдерінен емес мемлекеттен тендер алып, трафиктерін тексерілмеген "өсек аяңдармен" көтеретін , фактчекингті білмейтін бейшара сайттардан білдім. Бұл сайттардың артында кім тұрғанын және олар кімнің тапсырмасымен жазып отырғанын жақсы білемін. Көп ұзамай оларға да беташар жасармыз. Бұл сайттардың тірлігі оның ар жағында отырған суға кеткен пенделердің тал қармауы. Бұл айыптауларға қатысты өткен жылы сот болған. Оның барлық сатысынан өтіп, менің мұндай әрекет жасамағаным заңмен дәлелденген. Сот шешімі шыққан. Бірақ айыптаушы тарап сот шешімін орындамай жүргеніне жарты жыл болды. Сәл сабыр етіңіздер. Ешқандай жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Қолдауларыңызға рахмет", – деп жазды Асхат Садырбай.
Еске салайық, бұған дейін Асхат Садырбайға қатысты Астаан қаласы Есіл аудандық ПБ қылмыстық іс қозғалғаны туралы ресми түрде жауап берген еді. Фото: ru.qaz365.kz

Related

Журналист Асхат Садырбай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады · Todayinfo