Todayinfo.kz
NewsView all articles

Журналист Омарова ұсталды: Балаева асығыс қорытынды жасамауға шақырды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, істі бақылауда ұстайтынын айтты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Журналист Омарова ұсталды: Балаева асығыс қорытынды жасамауға шақырды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, ведомствоның бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Министр бұл іске қатысты кез келген шешімнің әділ болуы керектігін және барлық процестік әрекеттер заң аясында қатаң жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

"Сонымен қатар, мұндай жағдайда заңмен көзделген барлық процедура аяқталмай тұрып, асығыс пікір айтуға, негізсіз тұжырым жасауға және алдын ала баға беруге болмайтынын атап өткен жөн", - деді Аида Балаева.

Ол қоғамды заңды процедуралардың аяқталуын күтуге және істің мән-жайына қатысты дәлелсіз ақпарат таратпауға шақырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Журналист Омарова ұсталды: Балаева асығыс қорытынды жасамауға шақырды · Todayinfo