100 пайыздық нәтиже! Азия чемпионатында 5 боксшы қызымыздың бесеуі де алтын жүлде еншіледі
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Қазақстан құрамасының әйелдер құрамы Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды. Финалға шыққан бес боксшымыз да жеңіске жетіп,

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Қазақстан құрамасының әйелдер құрамы Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды. Финалға шыққан бес боксшымыз да жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық боксшыдан басым түссе, Аида Әбікеева 63 келіде вьетнамдық былғары қолғап шеберін қапы қалдырды. Сондай-ақ Наталья Богданова (67 келіге дейін) мен Гүлсая Ержан да (81 келіге дейін) қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Елдана Тәліпова 81 келіден жоғары салмақта өзбекстандық боксшы Сатыбоодиевадан басым түсті. Осылайша, финалға шыққан бес боксшымыздың бесеуі де Азия чемпионы атанды.
Related

Sport
«Өзінің адал еңбегімен тапқан ақшасы»: Бибісара Асаубаеваның анасы даулы оқиғаға қатысты үн қатты
Айғаным Нариманова·

Sport
Бұл матчты ұмытпаймыз – Өзбекстан құрамасының бапкері әлем чемпионатындағы алғашқы ойын жайлы
Айғаным Нариманова·

Sport
Tokayev congratulates Golovkin on induction into Boxing Hall of Fame
Todayinfo редакциясы·

Sport
Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді
Айғаным Нариманова·