Todayinfo.kz
NewsView all articles

Елдос Сметов пышаққа түсті

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты. Бұл ақпаратты оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев те растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz Бұған қоса Елдос Сметов өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады. «Ал 2028 Лос-Анджелес күт бізд

By Айғаным Нариманова··1 min read
Елдос Сметов пышаққа түсті
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты. Бұл ақпаратты оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев те растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz Бұған қоса Елдос Сметов өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады.
«Ал 2028 Лос-Анджелес күт бізді, тарих жасауға келеміз», - деп жазба қалдырды.
Бұған дейін Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің денсаулығында емдейтін тұстары бар екенін айтқан еді. Жеке бапкерінің айтуынша Елдос Сметов жарақатынан толық сауыққан соң 2025 жылдың соңында татамиге оралады.

Related

Елдос Сметов пышаққа түсті · Todayinfo