12 мың сарбаз: кореялықтар ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғыспақ
НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлерінің барын ресми түрде растады. Рюттенің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуы Үнді-Тынық мұхиты аймағына да, Еуроатлантикалық кеңістікке де қауіп төндіреді. Ол Солтүстік

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлерінің барын ресми түрде растады.
Рюттенің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуы Үнді-Тынық мұхиты аймағына да, Еуроатлантикалық кеңістікке де қауіп төндіреді.
Ол Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей аймақтарына орналастырылуы Украинадағы соғыстың айтарлықтай өршуін білдіретінін атап өтті. НАТО бас хатшысы Мәскеу мен Пхеньянды бұл әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырды.
Айта кетейік, өткен аптада Украинаның арнайы қызметі Ресейге Солтүстік Кореядан 12 мыңға жуық әскер жіберілгенін хабарлаған еді. Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Корея сарбаздары 27-28 қазаннан бастап майданға жіберіле бастайтынын мәлімдеді. Ресей аумағында Солтүстік Корея әскерлерінің барын Пентагон да растады.
Ал Солтүстік Корея билігі Украинаға әскер жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Related

Politics
«Әділет» партиясының тізімі жарияланды
Айдар Керім·

Politics
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды - Тоқаев
Айғаным Нариманова·

Politics
Трамп халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді
Айғаным Нариманова·

Politics
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне көңіл айту үшін Дохаға барды
Айғаным Нариманова·