«12 млн теңге пара алған»: Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры қамауға алынды
Фото: gov.kz 28 мамырда облыстық «Антикор» жедел уәкілдері «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізді деген хабар тарады, деп жазады Todayinfo ақпарат агенттігі. Ratel.kz сайтының жазуы

Фото: gov.kz
28 мамырда облыстық «Антикор» жедел уәкілдері «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізді деген хабар тарады, деп жазады Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ratel.kz сайтының жазуынша, Қалиев 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Облыстық Антикор мен облыстық прокуратура бұл мәселе бойынша әзірше нақты ақпарат тарата қойған жоқ.
Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып еңбек жолын бастаған.
Қалиев 2022 жылдың қыркүйегінен бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қызметін атқарып келген. Қалиев оған дейін Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
Related

Өзекті жазбалар
Түркістан облысында қараусыз қалған 2 жастағы ұл әжетханаға құлап, көз жұмды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·