13 адам өртеніп кеткен: Halyk Bank-ке тиесілі хостелдің иесі бар болғаны 5 жылға сотталды
Алматыдағы хостелдегі өрттен қаза тапқан 13 адамның өліміне айыптылар сотталды, деп хабарлайды Todayinfo. Хостел директоры Әділбек Мұхамедияров ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша 5 жылға, кәсіпкер Александр Пекельник ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігі бойынша 4 жылға сотталды. Сот үкімім

Алматыдағы хостелдегі өрттен қаза тапқан 13 адамның өліміне айыптылар сотталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Хостел директоры Әділбек Мұхамедияров ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша 5 жылға, кәсіпкер Александр Пекельник ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігі бойынша 4 жылға сотталды.
Сот үкімімен әр сотталған азаматтан 7 миллион теңгеден моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушілер пайдасына, сондай-ақ материалдық шығындарды өтеу үшін өндіріп алынады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2023 жылғы 30 қарашада Алматыдағы хостелдің бірінде өрт шығып, 13 адам көз жұмған еді. Оның ішінде 4-і шетел азаматы болған. Сол кезде ашылғанына 1,5 ай болған ғимарат кепіл мүлкі ретінде Halyk Bank-ке тиесілі болған.
Фото: Алматы ТЖД
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·