13 жастағы қызды жүкті қылған: Балдызын зорлаған ер адам үш-ақ жылға сотталды
Фото: mk-mk.ru Әзербайжанда 37 жастағы ер адам әйелінің сіңлісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, небәрі үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Аудандық соттың үкімімен ол Әзербайжан Республикасының

Фото: mk-mk.ru
Әзербайжанда 37 жастағы ер адам әйелінің сіңлісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, небәрі үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Аудандық соттың үкімімен ол Әзербайжан Республикасының Қылмыстық кодексінің 152.2-бабы («14 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау») бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында 2025 жылдың сәуір айында 13 жастағы қыздың жүктілігінің оныншы аптасы анықталған. Кейінгі тергеу әрекеті барысында қыздың әпкесінің күйеуімен интимдік қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Мәліметтерге сәйкес, ер адам қызға үйленуге уәде берген.
Оқиға күдіктінің өзі тұратын пәтерде, түнгі уақытта болған. Сол сәтте үйде оның жұбайы мен үш баласы да болғаны айтылды.
Сот барысында кәмелетке толмаған қыз бен оның отбасы мүшелері айыпталушыға қатысты талап-арыздарының жоқ екенін, туыстық қарым-қатынасқа байланысты оны кешіргендерін және қамауға алуға қарсы болғандарын мәлімдеген.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·